Қызылжар ауданының Жол картасын іске асыру аясында тәрбиешілері мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін сабақтастық бойынша "Бірыңғай ашық есік күні" өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты-балалардың мектепке дейінгі білім беруден мектеп біліміне ыңғайлы өтуін қамтамасыз ету үшін шағын орталық пен мектеп арасында тұрақты байланыс орнату.